• 15 октября, 2024 6:22 дп

Шымкентте Балалар жылы қарсаңында медициналық оңалту бөлімшелерінің қызметі жолға қойылады

Автор:admin

Май 23, 2022

Биыл Жаңа жыл қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді. Президент өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, сондықтан да өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылады.

Сол кезде Мемлекет басшысы: «Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,-деген еді. Міне, содан бері осы салаға жауапты министрлік өкілдері елімізде балаларға арналған бірнеше жобалар әзірленді. Тіпті ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев ҚР Үкіметінің қаулысымен балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін атап өтті. «Балаға инвестиция салу – аймақ пен елдің табысты және тұрақты дамуының сенімді кепілі. Бүгінде Қазақстандағы балалардың саны 6 миллионнан асады. Олардың әрқайсысының ерекше қорғауға және көмек алуға құқығы бар екенін баса айтқым келеді. ҚР Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығына сәйкес, 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды, ҚР Үкіметінің қаулысымен балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді», — дейді комитеті төрағасы Е. Иманғалиев. Енді статистикалық мәліметтерге көз жүгіртіп көрелік… 2021 жылдың маусым айындағы деректерге сәйкес, Қазақстанда 6,1 млн бала бар. Оның жартысынан көбі, яғни 3,1 миллионы – ұл бала, ал 3 млн – қыз бала. 3,4 млн бала мектепте оқыса, 914 мың бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша шаралар қабылдауды, медициналық ұйымдардың қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған орай Шымкент қаласында бұл салада атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Медициналық көмек сапасын арттыру, денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құруды аяқтау бойынша шаралар қабылданады. Ол үшін ауруларды ерте анықтауға ынталандыру мақсатында емханалар мен ауруханаларды қаржыландыру жетілдіріледі. Шымкент қаласындағы клиникалық балалар ауруханасы 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмектің барлық түрлерін көрсетуге арналған көп салалы аурухана. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аурухананың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан болатын. Балалар ауруханасы 315 төсек-орынға лайықталған. Мұнда 20 профилді бөлімше болса, оның 8-і хирругиялық бағытта қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, аурухана құрамында күндізгі стационар, сәулелі диагностикалық орталық пен жарақат бекеті бар. Мемлекет басшысы биылғы жылы балалар жылы деп жариялады. Осы бастаманы қолдай отырып, қалалық балалар  клиникалық ауруханасында балалар денсаулығын жақсарту үшін оң өзгерістер орын алуда. Аурухана ішінде хирургиялық қызметті дамыту  мақсатында жаңа профильдер ашылды. Атап айтқанда — нейрохирургиялық,  күйік, урологиялық, торакальды хирургия, нейрохирургиялық медициналық оңалту бөлімшелерінің қызметтері жолға қойылды. Неонатальды хирургиялық көмек көрсету түрі ұлғайып, жаңа туылған балаларға медициналық көмек тек қалалық балалар ауруханасында көрсетіле бастады. Нейрохирургиялық оталарды жандандыру мақсатында  соңғы үлгідегі заманауи аппараттар орнатылды.

-Қаламыздағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, балалардың денсаулығын жақсарту басты міндетіміздің бірі болып табылады — деді қала басшысы.

Jsk ақпарат

Автор: admin