Шымкентте «Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» акциясы өтті

Қоғам Құқық Саясат

Ағымдағы жылдың 11 маусым күні, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы «Biz Birgemiz» волонтерлық қозғалысының еріктілерімен және Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы жанындағы «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Г.Ә. Шунгараева және Төтенше жағдайдар департаментінің мамандарымен бірлесіп партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» акциясының «Қауіпсіз қала» республикалық мониторингін жалғастырды.

Акцияның мақсаты – қауіптілік тудыратын ашық тұрған люктердің, аулалардың жарықтануын және жаяу жүргіншілердің қозғалысының қауіпсіздігін көздейді.

Мониторинг барысында қаладағы аудандардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында аулалардың жарықтануын түгел бақылауға алып, мониторинг жүргізді.

Бүгін бақылаудың соңғы күні. Рейд жұмыстары 27 мамыр мен 11 маусым аралығында қаладағы Абай, Еңбекші, Әл-Фараби, Қаратау аудандары бойынша арнайы кесте арқылы жүргізілген болатын. Рейд нәтижесінде кездескен кемшіліктердің барлығы тиісті мекемелерге жіберілетін болады.

«JSK» ақпарат