Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған ведомствоаралық жиын өтті.
Күн тәртібінде қаладағы эпидемиологиялық ахуал, аса қауіпті инфекциялар мен туберкулез бойынша жағдай, сондай-ақ ветеринариялық және дезинфекциялық іс-шаралардың орындалу барысы қаралды.
Жиында:
🔹 Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ережепов Бақтығали Аюбайұлы инфекциялық төсек-орын қорының дайындығы мен профилактикалық жұмыстар туралы баяндады.
🔹 Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сермаңизов Талғат Құттыбайұлы қаладағы аса қауіпті инфекциялар мен туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайға тоқталды.
🔹 Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Мекамбаев Талғат Тойлыбайұлы эпизоотиялық ахуал және жануарларды вакцинациялау шаралары туралы ақпарат берді.
🔹 Ұлттық сараптама орталығы филиалының Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы директорының міндетін атқарушы Сапарова Сауле Мүслімқызы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндады.
Жиын қорытындысы бойынша:
✔️ Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
✔️ Күдікті науқастар мен байланыста болған адамдарды толық медициналық бақылаумен қамту;
✔️ Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы профилактикалық және емдік шараларды толық қамтамасыз ету;
✔️ Инфекция ошақтарында залалсыздандыру жұмыстарын сапалы жүргізу;
✔️ Ветеринариялық және дезинфекциялық қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда
