• 13 октября, 2024 11:13 дп

ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Автор:admin

Дек 30, 2021

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің шаңырағына барып, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің және қала тұрғындарының атынан құттықтады.

Бүгінде қаламызда Ұлы Отан соғысының он ардагері қалған. Бейбіт күндеріміздің жаршысы болған Жеңіс жауынгерлері соғыстан кейінгі жылдарда елімізді қалпына келтіру, экономикалық қуатын арттыруға еселі еңбек сіңірді. Ата-әжелеріміздің Отан қорғау мен еңбектегі ерлігі қандай құрметке болса да лайық. Қала әкімдігі соғыс ардагерлерін қамқорлығына алып, қолдау көрсетіп келеді.

Қала әкімінің бірінші орынбасары соғыс ардагерлері Мұраталы Төлепбергенұлы мен Сәрсен Әбдінұрұлы, Абылай Қазбаев пен Нина Мосунованы арнайы құттықтап, сый-сияпат жасады. Ардагерлермен жүздескен Шыңғыс Жұмабекұлы, биылғы жыл еліміз үшін, оның ішінде қаламыз үшін табысты болғанын атап өтті.

«Аға буынға құрмет көрсету – перзенттік парызымыз бен қастерлі міндетіміз. Қариялар қашанда елдің қазынасы. Сіздер еліміздің жарқын болашағы үшін жанқиярлықпен қан төктіңіздер, аянбай тер төктіңіздер. Бүгінгі сый-құрметті – қаһармандықтарыңыз бен еңбектеріңізге деген ел алғысы деп білгейсіздер», -деді.

Ардагерлерге қамқорлық көрсету Мемлекет басшысы айқындаған мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басымдығы екенін атап өткен Ш.Мұқан, Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде еліміз өзіне алған әлеуметтік кепілдеме бойынша халықты әлеуметтік қолдауды кезең-кезеңімен жалғастырып отырғанын жеткізді.

Қарияларға құрмет көрсету, оларға жан-жақты қолдау, қамқор болу – қаланың әлеуметтік саладағы жұмыстарының басымдығы болып қала беретінін айтқан Шыңғыс Жұмабекұлы, ардагерлерге деген ел ықыласын жеткізіп, амандықтарын тіледі.

Jsk ақпарат

Автор: admin