• 20 мая, 2024 7:05 дп

Тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласының экономикасы едәуір түрленді.

Автор:admin

Апр 6, 2023

Мегаполисте құрылыс индустриясы, машина жасау, мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өндірісі, текстиль өнеркәсібі, фармацевтика, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және басқа да өндірістік салалар қалыптасты. «Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлардың түрін көбейтіп, экспорт географиясын кеңейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Өңдеу өнеркәсібінің экспортын көбейту, еңбек өнімділігін арттыру бағытында қаламыздың өнеркәсіп көлемі жыл аяғына дейін 711,5 млрд теңгеге жетеді, өндірілген өнімнің 87%-ын өңдеу өнеркәсібі құрайды. Қаладағы 4 өндірістік аймақта 118 жоба жүзеге асып, 21 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды. Биылғы жылдың өзінде жаңадан 5 жоба жүзеге асырылып, 203 жұмыс орны ашылды», деп атап өтті қала басшысы. Қаланың өндірістік әлеуетін арттыру мақсатында жаңадан екі индустриалды аймақтың құрылысы басталды. Оның ішінде «Жұлдыз» идустриалды аймағында құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі шоғырланатын болады. Ал «Стандарт» жеке индустриалды аймағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірістік алаңы ретінде қызмет көрсетпек. Мұнда заманауи қоймалар, шағын өндірістік цехтар ашылатын болады. Тамақ өндірісі саласында ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге басымдық берілді. Бұл бағытта «Бозарық» тамақ өнеркәсібі аймағының инженерлік жүйелері жүргізілуде. Мұнда 23 млрд теңгені құрайтын 1 800 жұмыс орны мен 20-дан астам жоба іске асырылады. Сонымен қатар, қосымша 198 гектар жерге агроиндустриалды аймақ құру жоспарланды. Мұнда заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендері салынады. Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өңдіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нөтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымдылығы, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың есуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады. Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтіге — технологиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдістің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді. Экономиканың өсуін тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты. Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдаланылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың зандылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.

Jsk ақпарат

Автор: admin