• 20 апреля, 2024 7:30 дп

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ШАРУА ЖЫЛЫНА 300 ТОННА БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

Автор:admin

Апр 3, 2024

Бүгінде Төлеби ауданында балық өсіруді қолға алған кәсіпкерлердің саны артып келеді. Соның бірі жеке кәсіпкер Нұрлыхан Әшірбеков. Ол басқарып отырған «Шымкент Балық» ЖШС-і жылына 300 тонна балық өндіруді жоспарлап отыр. Серіктестіктің жұмысымен аудан әкімі Төлеген Телғараев арнайы барып танысты.

Кәсіпкер 3 гектар аумаққа 7 арнайы бассейн салған. Онда балықтың форель түрінің 3 000 данасын өсіріп жатыр. Жалпы аудан аумағында балық шаруашылығымен 14 кәсіпкер айналысады. Шаруашылықтар негізінен балықтың бекіре, форель, сазан, дөңмаңдай, ақ амур түрлерін өсірумен айналысады.

Автор: admin