• 23 июня, 2024 10:02 пп

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК АУЫЛ АҚСАҚАЛДАРЫ САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП ЖАТЫР

Автор:admin

Мар 19, 2023

 

Төлеби ауданына қарасты Бірінші Мамыр ауылы сайлау науқанында белсенділік танытып, алғашқылардың бірі болып ауданның құрметті азаматы, зейнеткер Полат Аюбаев өзі таңдауын жасады.

Сондай-ақ,Таскешу елдімекеніндегі номері №725 сайлау учаскесіне ерте келіп дауыс берген 80 жастағы Есен Абдукаримовқа сыйлық табысталды.

Төлеби ауданының қариялары өздерінң азаматтық парызын белсенді түрде орындап, аудан жастары мен басқа да азаматтарға үлгі боларлық іс-әрекеттер жасауда.

Аудандағы сайлау учаскелері толық жұмыстарына кірісіп, сайлау басталғалы ешқандай заң бұзушылықтар орын алмаған.

Автор: admin