Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінің тұрғыны 103 жасқа толған Хапиза Халибекқызы референдумда өз таңдауын жасады. Жасы жүзден асқан қария елдегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық белсенділігін көрсетті. №97 учаске өкілдері Хапиза апаның шаңырағына арнайы барды.
Айта кетсек, Сауран ауданы бойынша республикалық референдумға арналған 41 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Аудан бойынша референдумға қатысуға құқылы сайлаушылардың жалпы саны — 52 349 адам. Барлық референдум учаскелері қажетті материалдық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, учаскелерге алғашқы болып келген азаматтарға арнайы сый-сияпаттар табысталып жатыр. Қазіргі уақытта аудандағы барлық учаскелерде дауыс беру науқаны белгіленген талаптар мен ережелерге сәйкес өтіп жатыр.
