• 25 декабря, 2025 7:32 пп

Түркістан – патриотизмнің алтын бесігі

Автор:admin

Дек 25, 2025

Түркістан – қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі әлемінің рухани жүрегі. Бұл қасиетті мекенде халқымыздың тарихы, мәдениеті мен ұлттық болмысы тоғысқан. Түркістанға деген сүйіспеншілік – туған елге, жерге деген шынайы патриотизмнің көрінісі.

Түркістан ежелден-ақ ел бірлігінің, рухани тұтастықтың символы болып келеді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – халқымыздың имани және рухани тәрбиесінің алтын діңгегі. Бұл жерге тағзым ету, өткен тарихты құрметтеу – әрбір жас ұрпақтың азаматтық парызы. Тарихын таныған адам ғана елін сүйіп, оның болашағына жауапкершілікпен қарай алады.

Патриотизм – тек ұран немесе сөз емес, ол нақты іс-әрекеттен көрінеді. Түркістанды қадірлеу – оның тарихын білу, мәдени мұрасын сақтау, табиғатын қорғау және қаланың дамуына үлес қосу деген сөз. Қазіргі таңда Түркістанның облыс орталығы ретінде жаңарып, көркейіп келе жатқаны – елге деген сүйіспеншіліктің нақты дәлелі.

Жастар үшін Түркістанның маңызы ерекше. Бұл қала оларды отансүйгіштікке, рухани тазалыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді. Түркістан тарихын оқу арқылы жас буын ел тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін түсінеді, сол арқылы өз болашағына байыппен қарайды.

Қорытындылай келе, Түркістан – патриотизм мектебі. Оны сүю – Қазақстанды сүю, оның жарқын болашағына сену деген сөз. Әрбір қазақстандық үшін Түркістан тек тарихи қала емес, ол – ұлттық рухтың, елдік сананың, отансүйгіштіктің мәңгілік символы. Патриотизм ұғымы өте кең. Отанды сүю, отбасыңды қорғау, қоғамды құрметтеу, шегараңды күзету, иманды, ибалы ұрпақ өсіру – мұның бәрі патротизмнің асыл қасиеттер.

«Мемлекет тұтастығын сақтаудың бірден-бір кепілі – патриоттық сезім. Отанға деген сүйіспеншіліктен, Отанға қызмет етуден артық құнды ұғым жоқ. Патриот болу алаңға шығып ұрандату емес, қажырлы еңбек ету» дейді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ал «Қазақстандық патриотизм» ұғымы жоғары конституциялық-құқықтық деңгейде бекітілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 2-тармағында Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін  көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу деп көрсетілген.

Түркістандық жастар – ел болашағына бейжай қарамайтын, отансүйгіш рухы жоғары буын. Олар патриотизмді тек сөзбен емес, нақты іспен дәлелдеуге ұмтылады. Туған жердің тарихын құрметтеу, ұлттық құндылықтарды сақтау және қоғамдық өмірге белсенді араласу – жастардың басты ұстанымдарының бірі.

Қасиетті Түркістан өңірінде өскен жастар үшін елге қызмет ету – үлкен мәртебе. Олар тарихи мұраларды қорғау, мәдени іс-шараларға қатысу, волонтерлік қозғалыстар арқылы қоғамның дамуына өз үлестерін қосып келеді. Мұндай әрекеттер жастардың елге деген сүйіспеншілігін, азаматтық жауапкершілігін көрсетеді.

Сонымен қатар, қазіргі жастар білім алуға, жаңашылдыққа ұмтыла отырып, ұлттық рухты сақтауды маңызды деп санайды. Олар патриот болу – өз тіліңді құрметтеу, тарихыңды білу және Қазақстанның жарқын болашағы үшін еңбек ету деп түсінеді.

Қорытындылай келе, Түркістандық жастар патриотизмді қолдай отырып, ел бірлігі мен тәуелсіздігін нығайтуға үлес қосып келеді. Бұл – ұлт болашағының сенімді қолда екенінің айқын дәлелі.

Патриотизм сезімі қоғамның бірлігі мен ынтымағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қазақстан халқын біріктіруші факторлар ретінде азаматтық сәйкестіктің болуы, көпшіліктің Қазақстанды болашақта көпұлтты ел деп тануы, сондай-ақ байлық пен өркендеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, заңдылық пен тәртіпті сақтау және басқа да басымдықтар сияқты біріктіруші құндылық бағдарлар саналады.

Патриотизм – қазақстандықтардың ең маңызды құндылықтарының бірі. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан қазақ қоғамы өмірінің барлық салаларынан бастап түбегейлі өзгерістерге ұшыраған күрделі кезеңді басынан өткерді.

Қазақстанның көп ғасырлық тарихында патриотизм проблемасы ерекше назар аудару мәні болып табылады. Қазақстан халқының бойында патриотизмді тәрбиелеу процесі мыңжылдықты санамайды. Бізде, Қазақстан азаматтарында, ұлтшылдық, патриотизм, руханият, ынтымақтастық және дәстүрлерді құрметтеу негізі болып табылатын мәдениет қалыптасты. Өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу мәселелері маңызды мәнге ие. Патриоттық тәрбиенiң бүкiл жүйесiн ұйымдастыруды, оның жұмыс iстеуiн және оны бақылауды қамтамасыз ететiн негiзгi институт мемлекет болып табылады.

Жастарды патриоттық тәрбиелеу – өтпелi кезең кезеңiнде және ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты бағыттарының бiрi. Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу – елдің болашақтағы тұрақты дамуының кепілі.

Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тəрбиелеу керектігі күн өткен сайын маңызды болып отыр. Ұлттық құндылықтарымызды əлемдік деңгейге адамзат өркениетіне ұлттық тарихымызбен, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар негізінде қабілетті тұлға ретінде тəрбиелеу керек.

Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарымызды əлемдік деңгейге шығару үшін: ана тілі мен дінін, тарихын, салт-дəстүрін, жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тəрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру арқылы ғана басты мақсатқа жетеміз.

Ұлттық тəрбие – елімізде орын алып отырған көптеген оңтайсыз мəселелерді бірте-бірте жоюдың жəне олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тəрбие алған ұрпақ білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі.

Сондықтан да ұлттық тəрбие – ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тəрбиелеудегі тəжірибелері бізге сол рухани мəдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық əдет-ғұрып, салт-дəстүрлер, əдеби, музыкалық, кəсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр.

Сонымен бірге ұрпақ тəрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты тəлім-тəрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт Ата, əл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Асанқайғы, Шəкəрім жəне т.б., қазақ ақын-жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тəлімдік сөздерінен көреміз.

Əр адам өзінің ұлттық тамырын, əдет-ғұрпын, мəдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, туған жеріне, халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жатуы керек. Халықтық əдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Міне, осы бағытта жас жеткіншектерді адамгершілік дүниетанымдық құндылықтар тұрғысында тəрбиелеудің маңыздылығы туындайды.

Өз елінің болашағынан мол үміт күткен даналарымыздың бірі емес, бірегей тұлғасы, ұлтжандылықтың биік үлгісін көрсете білген дана Шəкəрім мынадай өсиетін қалдырғандай: «Анық бақ деп айтарлық үш нəрсе бар, Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек».

Бүгінгі күні аға буын ұрпақ дəстүрінің көк жиегінен үлгі алған жастарымыз тəуелсіз еліміздің киелі тұғырын жасампаздықпен, ұлтжандылықпен қырандай көздің қарашығындай сақтауда. Бүгінгі күні  өткен көне тарихымыздың, өлең-жыр дастандары, жасаған аудармалары, еліміздің ертеңі жас жеткіншектерге таптырмайтын рухани қазына. Сондықтан да бүгінгі күнде жырау мен ақындардың шығармаларына ерекше көңіл бөлген жөн. Өйткені, əр тарихи шығарманың табиғатында ақиқаттың сəулесі жарқырап тұрады. Сол тұлғаларымыздың шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарымыздың идеялық ерекшеліктерінің мазмұнды тəрбиесінің ұлтжандылық тұғырын орнықтырамыз. Қазіргі таңда Түркістанның қарқынды дамуы да патриоттық сенімнің айқын көрінісі. Қаланың жаңарып, әлеуметтік және мәдени нысандардың бой көтеруі халықтың өз еліне, мемлекет саясатына деген сенімін күшейтуде. Түркістандықтар бұл өзгерістерге белсене қатысып, өңірдің өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.

Патриоттық сенім – ел болашағына деген жауапкершілік. Түркістанда бұл ұстаным қоғамның барлық саласында көрініс табуда: жастар білім алуға, еңбек етуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға ұмтылады. Олар Қазақстанның тұрақты дамуына сеніп, сол жолда аянбай еңбек етуді өз міндеті деп санайды.

Түркістанды тану – қазақ елінің өткенін, бүгіні мен болашағын терең түсіну деген сөз.

Елдік ең алдымен тарихты құрметтеуден басталады. Түркістан – қазақ хандары таққа отырған, маңызды шешімдер қабылданған киелі орда. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – халықтың рухани тірегі, ұлттық сананың қалыптасуына ықпал еткен ұлы мұра. Осындай тарихи құндылықтар елдіктің негізін нығайтып, ұрпақ санасына отансүйгіштік сезімін сіңіреді.

Тәуелсіз Қазақстан үшін Түркістанның орны ерекше. Қаланың облыс орталығы болып қайта жаңғыруы – мемлекеттің ұлттық тарихқа, рухани құндылықтарға деген құрметінің айқын көрінісі. Бұл қадам ел бірлігін күшейтіп, халықтың болашаққа деген сенімін арттырды.

Түркістан – тек өткеннің куәсі емес, бүгінгі дамудың да айнасы. Мұнда заманауи инфрақұрылым мен ұлттық рух үйлесім тапқан. Бұл – елдіктің басты белгісі: тарих пен жаңашылдықтың үндестігі.

JSK ақпараттық агенттігі

Автор: admin