• 11 марта, 2026 12:37 пп

Түркістан облысы: 2026 жыл 2 айындағы жол-көлік оқиғалары туралы

Автор:admin

Мар 11, 2026

2026 жылдың 2 айында Түркістан облысы бойынша 154 (2025 жылдың 2 айында — 190) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға төмендеген.

Жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер саны 21,1%-ға (289-дан 228-ге дейін) төмендеген, оның ішінде жарақат алғандар саны 22%-ға (255-тен 199-ға дейін) төмендеген, ал қаза тапқандар саны 14,7%-ға (34-тен 29-ға дейін)төмендеді.

Кәмелетке толмағандар арасында жарақат алғандар саны 43 (62) 30,6%-ға төмендеген, ал қаза тапқандар саны 4 (3) өсім 33,3%-ды көрсетеді.

Ең көп жол-көлік оқиғалары тіркелгенаудандар: Жетісай – 20, Сайрам – 17, Түркістан қаласы – 16, Сарыағаш – 13, Түлкібас – 12, Созақ – 11, Арыс – 10, Ордабасы – 9, Сауран – 9, Келес – 8, Кентау қаласы – 5,Төлеби – 5, Шардара – 5, Бәйдібек – 4, Отырар – 4, Қазығұрт – 3, Мақтаарал – 3.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында және елді мекендер аумағында орын алуда.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де Жол қозғалысы қағидаларын сақтамау болып табылады (ЖҚҚ немесе жол белгілерінде белгіленген жылдамдықты арттыру; жаяу жүргіншілерге немесе өзге де жол қозғалысына қатысушыларға басымдық бермеу; маневр жасау қағидаларын сақтамау; қарсы қозғалыс кезінде жол беру немесе басып озу қағидаларын бұзу және басқа да жағдайлар).

Түркістан облысының құрметті тұрғындары, сондай-ақ қонақтары мен туристері, жол қозғалысы қағидаларының талаптарын қатаң сақтап, барынша мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, ел аумағындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратпен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялар картасы» бөлімінде танысуға болатынын еске саламыз.

Комитеттің Түркістан облысы

бойынша департаменті

#Заң_мен_Тәртіп

#Закон_и_Порядок

Автор: admin