• 20.06.2026 18:31

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДАУЫС БЕРУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

Автор:jsk.kz

Окт 6, 2024

 

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумда дауыс беруі үшін учаскелерде барлық мүмкіндік қарастырылған. Атап айтқанда, арнайы пандустар, сары жолақтар, жәшіктер орнатылған. Бүгін Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылындағы №23 дауыс беру учаскесінде 18 жастағы ерекше жан Төлен Бибігүл өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, бүгін Арыс қаласындағы 1 аумақтық және 34 дауыс беру учаскелерінде 44 072 азамат өз таңдауын жасайды. Сонымен қатар, дауыс беру учаскелерінде қауіпсіздік шаралары санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылған.

Автор: jsk.kz