Түркістан облысы бойынша «Дауыс» байқаушылар коалициясының жетекшісі Бақытжан Әшірбаев Түркістан облысындағы дауыс беру барысы туралы айтып берді.
Оның айтуы бойынша, Коалицияның барлық бақылаушылары таңғы сағат 5:45-тен бастап учаскелерге келіп, дайындық жұмыстарын жүргізе бастағанын хабарлады.
Бақытжан Әшірбаев барлық бақылаушылар оқудан өтіп, нұсқау берілгенін атап өтті.
Қазіргі уақытта «Дауыс» коалициясының өкілдері сайлау учаскелерінде бақылау жүргізуде.
