• 06.08.2026 13:14

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласындағы «TURAN SHENHUA» зауытының жұмысымен танысты

Автор:jsk.kz

Авг 6, 2026

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында (АЭА) орналасқан маңызды өндіріс орындарының бірі — газ қазандықтарын шығаратын «TURAN SHENHUA» ЖШС зауытының жұмысымен етене танысты. Сапар барысында өңір басшысы кәсіпорынның тыныс-тіршілігін көріп, өндіріс қуаттылығы мен алдағы жоспарларына назар аударды. «TURAN SHENHUA» ЖШС зауыты — өңірдегі инвестициялық тартымдылықты арттырып қана қоймай, заманауи технологияларды өндіріске енгізіп отырған озық кәсіпорындардың қатарында.
Кездесу барысында өңір әкімі кәсіпорын басшылығымен өндіріс көлемін ұлғайту, өнім түрлерін көбейту және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселелерін талқылады. Зауыттың іске қосылуы Кентау қаласы мен «Тұран» АЭА аумағындағы инфрақұрылымды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңіраралық кооперацияны нығайтуға серпін беруде. Бұл өз кезегінде Түркістан облысының индустриялық әлеуетін арттырып, шағын және орта бизнестің үлесін жоғарылата түспек.
Jsk ақпарат

Автор: jsk.kz