• 15 октября, 2024 5:35 дп

Түркістан облысының тұрғынынан 160-тан астам патрон мен мылтық тәркіленді

Автор:admin

Июл 11, 2024

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасыбарысында, Түркістан облысының полицейлері мен ҰҚК қызметкерлері бірлесіп, жергілікті тұрғыннанатыс қаруы мен оқ-дәрілерін тәркіледі.

Жедел уәкілдер Созақ ауданы тұрғынының үйінтінту кезінде, оның сейфінен аңшылық мылтық пен түрлі калибрлі 160-тан астам патрон тапты. Оныңішінде АК-47 автоматы мен травматикалыққарудың оқтары бар.

Ер адам өз жауабында, патрондарды бір жыл бұрынтауып алып, осы уақытқа дейін үйінде сақтағанынжеткізді.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Тергеужүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.

Сонымен қатар полицейлер Қазығұрт ауданыныңжергілікті тұрғынынан «Лидер» маркалы газ-травматикалық тапанша тапты. Күдікті қамауғаалынды. Қылмыстық істің жинақталғанматериалдары заңды шешім қабылдау үшінпрокуратураға жіберілді.

Автор: admin