Асқар Бегдәулетұлы Әбубәкіров -Түркістан облысының Туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.
20 жылдан астам жалпы еңбек жолы бар, оның ішінде басшылық қызметтегі тәжірибесі 11 жылдан асады.
2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша үздік бітірген. Шет тілдерін еркін меңгерген.
2026 жылғы қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін — «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы» ЖШС бас директоры лауазымын атқарған.
2025 — 2026 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жанындағы «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ-ның Вице-Президенті.
2023-2025 жылдары — «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы HR департаменті директорының орынбасары. «One Village — One Product» халықаралық жобасының маркетинг тобының жетекшісі.
2022 — 2023 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Бәсекелестік ортаны зерттеу орталығының жоба менеджері.
2021 — 2022 жылдары — «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі.
2013 — 2021 жылдары — «Атамекен» ҰКП жүйесінде басшылық лауазымдар: Оңтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры; бизнесті сервистік қолдау департаментінің директоры; адами капиталды дамыту департаментінің директоры; ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары; «Менің Атамекенім» қорының креативті директоры.
2012 — 2013 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы еліміздегі тұңғыш «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС директорының орынбасары.
2011-2012 жылдары — «Шымкент» ӘКК» АҚ маркетинг департаментінің директоры.
2010 — 2011 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бизнесті мемлекеттік қолдау бөлімінің басшысы.
2004–2010 жылдары — «Қазагромаркетинг» АҚ ұлттық компаниясында: жетекші маман, бас маман, бас менеджер, сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры, жоба директоры.
