• 15 октября, 2024 7:15 дп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 550 МЛН ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚТАҒАН

Автор:admin

Июл 11, 2024

 

2024 жылдың 6 айында Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 549,4 млн. АҚШ долларын құраған. Былтырғы жылмен салыстырғанда тауар айналым көрсеткіші 80,1 млн. АҚШ долларына көбейген. Өңірдің негізгі сауда серіктестерінің көшін Өзбекстан елі бастаса, Түркіменстан екінші орында. Бұл жайында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Тұрысов брифингте мәлімдеді.

«Облыстан негізі экпортталатын тауарлар қатарында мақта, ет, көкөніс және қант өнімдері бар. Ал, импорт құрылымында негізгі көрсеткіштерді көкөніс, жеміс-жидек пен автокөлік бөлшектері құрап отыр»- деді департамент басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, спикер кедендік бақылау бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жайында да айтты. Осы жылдың 6 айында 3746 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 155,2 млн.теңге айыппұл салынған. Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымында 8 кеден бекеті және 2 өткізу пункті бар.

 

Автор: admin