• 15 октября, 2024 6:13 дп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 АЙ ІШІНДЕ БЮДЖЕТ ЖЫМҚЫРУ ДЕРЕГІМЕН 32 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛГЕН  

Автор:admin

Апр 29, 2020

Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай 2020 жылдың 1 тоқсаны қорытындыланған  баспасөз конференциясында мәлім етті.

Брифингте ағымдағы жылдың 3 айында Агенттіктің Түркістан облыстық департаментінің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне жалпы саны 69 қылмыс тіркеліп, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар – 46, ал жедел жолмен бүгінгі күнге – 41 қылмыстық іс анықталған.

Сондай-ақ, М.Қарғабай өткен жылы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша – 11 қылмыс тіркелгенін және жыл басынан бері анықталған қылмыстардың саны 32-ге жеткендігін жеткізді.

Баспасөз жиынында анықталған қылмыстардың негізінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы құны 508,7 млн. теңгені құрағандығы, ал оның 502,9 млн. теңгесі (98,9%) мемлекет бюджетіне қайтарылу арқылы толығымен өндірілгендігі сөз болды.

Айта кетсек, Агенттікпен бекітілген басым бағыттар бойынша, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаражатын ысырап ету, жүйелі сыбайлас жемқорлық деректерін анықтау, лауазымды тұлғалар тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік бизнесіне заңсыз араласу, облыстық, қалалық және аудандық басшыларға қатысты және де көлеңкелі экономикаға лауазымды тұлғалар тарапынан қамқоршылық жасау деректерін анықтауда бүгінгі күні Түркістан облыстық Департаментінің жедел қызметінің жеке құрамы жүйелі түрде қызмет атқаруда.

Автор: admin