• 15 марта, 2026 2:13 пп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ АЯСЫНДА «АКВАГРИМ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Автор:admin

Мар 15, 2026

 

Бүгін Жетісай ауданында референдум барысында дауыс беруге келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында аквагрим жасалды. Шара барысында балалар мен тұрғындар ерекше безендіріліп, мерекелік атмосфера қалыптасты.

Сондай-ақ, Қазығұрт ауданына қарасты Қызылқия ауылы округіндегі №295 учаскеде «Аквагрим» акциясы аясында сайлаушылар дауыс берді. Аталмыш ауылдың тұрғындары өз таңдауларын жасаудан бөлек, шығармашылықпен де танысып, түрлі-түсті суреттер және бояулармен беттерін сәндеп, көңіл-күйін көтерді.

Мәдени шара мен саяси науқанның бірлесуі тұрғындарға ерекше әсер қалдырып, референдум учаскесінің атмосферасын мерекелік көңілмен толықтырды. Мұндай іс-шаралар азаматтық жауапкершілікті арттыра отырып, сайлаушыларға дауыс беруді тек борыш емес, сонымен қатар қызықты және есте қаларлық тәжірибе ретінде көрсетуге бағытталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin