• Пн. Май 23rd, 2022

Түркістан: КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕ «КСК» (пәтер иелерінің кооперативі) ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ҚАЖЕТ»

Автор:admin

Янв 24, 2022
Spread the love

? Түркістандағы көпқабатты тұрғын үйлердің жай-күйін аралаған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгін пәтер иелері кооперативтерінің бірқатар өкілдерін қабылдап, мәселелерін тыңдады.

? Нұрбол Әбдісаттарұлы мүлікке күтім жасау, тазалық және көгалдандыру мәселелеріне кеңінен тоқталды.

? — Пәтер иелерінің ай сайынғы жарналары мақсатты жұмсалуы тиіс. Кей подъездердің тазалығы сын көтермейді. Тиісті мекемелер бүлінген жерді бүтіндеумен емес, шешімін күткен өзге өзекті мәселелермен айналысқаны дұрыс. Бұл істе Сіздер бізге көмекші болыңыздар. Аулалардағы мүліктерге де зиян келтіру дерегі өте жиі орын алады. Тұрғындарға түсіндіріп, жауапкершілік пен ұқыптылықты арттыру арқылы, егілген ағаштарды сындырудың, бар нәрсені бүлдірудің алдын алған жөн, — деген шаһар басшысы жиынға қатысушыларды өз аумақтарындағы сектормен тығыз жұмыс жасауға шақырды.

#Түркістан
#Әкімсағаты

Jsk ақпарат