• 19 июня, 2024 11:33 дп

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 61 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ САЙЛАУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІП ЖАТЫР

Автор:admin

Мар 19, 2023

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 61 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ САЙЛАУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІП ЖАТЫР

Бүгін елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауы өтіп жатыр.

Учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Учаскелік сайлау комиссиялары жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де дауыс санауды, дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасауды бастайды.

Келес ауданында 19 сайлау округі, оның ішінде 61 сайлау учаскесі таңғы сағат 07-00ден бастап Қазықстан Республикасының Әнұраны шырқалып, өз жұмыстарын бастады.

Алғаш дауыс беруге келген азаматтарға арнайы дайындалған естелік сыйлықтар табысталуда. Бүгінгі сайлауға Келес ауданы бойынша – 71 441 сайлаушы таңдау жасай алады. Барша аудан тұрғындарын еліміздің болашағын айқындау мақсатында сайлауға келіп, өз таңдауын жасауға шақырамыз.

Автор: admin