• 06.06.2026 01:11

ТҮРКІСТАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Автор:jsk.kz

Июн 5, 2026

🌳Жыл сайын 5 маусымда бүкіл әлемде дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі. Осыған орай Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

♻️Аталған іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысып, жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтады.

🟩– Баршаңызды 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Табиғат – ата-бабамыздан мирас болып қалған баға жетпес байлық, келер ұрпаққа аманат етіп табыстайтын асыл қазынамыз. Оны қорғау, сақтау және табиғи байлықтарымызды ұқыпты пайдалану – баршамыздың ортақ міндетіміз. «Бұлақ көрсең – көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» деген нақыл сөздерде халқымыздың табиғатқа деген ерекше құрметі көрінеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бір айлық немесе тоқсандық науқан емес, қоғамның өмір салтына айналуы тиіс маңызды бастама. Бүгінде сіздермен бірлесе отырып, облысымыздың тазалығын қамтамасыз ету ғана емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған көптеген игі істерді жүзеге асырып келеміз. Осындай ортақ еңбектің арқасында өңіріміздің экологиялық ахуалы жақсарып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәдениеті қалыптасуда. Облысымыз өркендеп, дами берсін, – деген облыс әкімінің орынбасары экологияны жақсартуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматты марапаттап, құрмет көрсетті.

♻️Салтанытты іс-шара барысында облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.

♻️Іс-шара аясында жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

♻️Атаулы күнге орай саябақ аумағында әктеу, сырлау және тазалық жұмыстары жүргізілді.

♻️Айта кетейік, бұл атаулы күн 1972 Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен адамзат пен табиғаттың үндестігін сақтау мақсатындал бекітілген. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше мән беріліп келеді. Түркістан облысы бұл бастаманы алғашқы күннен бастап қызу қолдап, жүйелі жүзеге асырып жатыр.

♻️Жалпы өңірдегі барлық аудан, қалаларында ауқымды экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Атап айтқанда, жақында өткен Тазалық марафонына 19 мыңнан астам өңір тұрғыны мен волонтерлер қатысып, 6 295 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 490 гектар аумақ толықтай абаттандырылып, 246 тонна қоқыс шығарылды.

 

Автор: jsk.kz