• 19 июля, 2024 5:48 пп

Түркістанда «Абай жүлдесі» аттытоғызқұмалақтан турнир өтті

Автор:admin

Июл 3, 2024

 

Қазақстан Республикасымәслихаттарының 30 жылдығы аясындаТүркістан облыстық мәслихатыныңұйымдастыруымен және ҚазақстанРеспубликасы Парламентінің Сенатының, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спортыфедерациясының қолдауыментоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» атты турнир өтті.  

Мақсаты: биылғы жылғы мәслихаттардың30 жылдығын атап өту. Сонымен қатар, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдаужәне ұлттық ойынымызтоғызқұмалақспортын дәріптеу.

Турнирдің ашылу салтанатына Түркістаноблыстық мәслихатының төрағасы НұралыӘбішов, облыстық мәслихат депутаттарыМ.Тұрысбеков, Қ.Жантөреева, И.Намазбаева, Б.Шойбеков, Е.Хандиллаев және барлықдеңгейдегі депутаттар, мәслихат аппаратыныңқызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарыөкілдері, әуесқой ойыншылар және блогерлер, саяси қайраткерлер, қоғам белсенділеріқатысты.

Қазақстан Мәслихаттарына 30 жылтолуына орай ұйымдастырылған облыстықтурнирді, облыстық мәслихат төрағасы НұралыӘлмаханұлы құттықтау сөз сөйлеп, ашыпберді.

Бүгінгі турниріміздің «Абай» атындағыдеп аталуы тегін емес. Өйткені тоғызқұмалақтыАбайдың өзі сүйіп ойнаған. Ол бойында өнерібар жастарды қасына үйіріп, оларғатоғызқұмалақ үйретіп, кейіннен үздіктоғызқұмалақшылармен бірге жұртқызықтайтын жарыстар өткізіп отырған.  Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен, Қазақстандық Тоғызқұмалақ федерациясыныңқолдауымен ұйымдастырылып отырған бұлтурнир – Қазақстан мәслихаттарыныңқұрылғанына 30 жылдығына арналады. Абай заманынан дамып келе жатқан тоғызқұмалақшынайы ұлттық өнерге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! Баршаңызға бүгінгісайыста сәттілік пен жетістіктер тілеймін,- дедіН.Әбішов.

Айта кетсек, жалпы жарыс үш кезеңнентұрады.  Турнирдің бірінші кезеңі бойыншааудан, қалаларда іріктеу туры өткізілді.  Жалпысаны 64 ойыншыдан тұратын, 12 команда бүгінгі облыстық турнирде бақ сынады. Барлықдеңгейдегі депутаттар, мәслихат аппаратыныңқызметкерлері, БАҚ өкілдері, әуесқойойыншылар және блогерлер, саясиқайраткерлер, қоғам белсенділері қатысқаноблыстық турнирдің жеңімпаздары тамызайында өтетін үшінші кезең республикалық-финалдық турнирге  жолдама алды.

Турнир қорытындысы бойыншажеңімпаздар, арнайы кубок, медаль жәнеалғыс хатпен марапатталды.  Есептік кезеңде                           12 командадан озық шығыпҚазығұрт ауданы бірінші орынды жеңіп алды. Ал, жүлделі екінші орынды Жетісай жәнеүшінші орынды Бәйдібек ауданы қанағат тұтты. Бұдан өзге, қатысушыларға арнайы номинация бойынша марапат табыс етілді.

Турнирдің марараттау рәсімінде облыстықмәслихат төрағасы Н.Әбішовке ҚР тоғызқұмалақ федерациясының атынан алғысбілдіріліп, Тоғызқұмалақ тақтасы табыс етілді.

Түркістан облыстық мәслихаты

Автор: admin