• 13.08.2026 12:26

*ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ*

Автор:jsk.kz

Авг 13, 2026

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген сайлауына дайындық жұмыстары Түлкібас ауданында жүйелі түрде жүргізілуде.
Сайлау учаскелерінің дауыс беруге дайындығын бақылау мақсатында мониторинг тобы аудан аумағындағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап, олардың әзірлігін тексерді.
Аралау барысында сайлау учаскелерінің жалпы жағдайы, қажетті инфрақұрылымның дайындығы, санитарлық талаптардың сақталуы, ақпараттық материалдардың талапқа сай орналастырылуы және сайлаушылар үшін қолайлы жағдайлардың жасалуы назарға алынды.
Сонымен қатар сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпараттық бұрыштардың талапқа сай жабдықталуы тексерілді.
Мониторинг жұмыстарына «Meirim group» мүгедектер қоғамдық ұйымының өкілі, Түлкібас аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы қатысты.
Аралау барысында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы және «Ерекше қажеттілігі бар азаматтардың сайлау

Автор: jsk.kz