Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Сарыағаш ауданында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара Әйтеке би көшесіндегі жолдардың бойын, сонымен қатар елді мекендердің ішкі көшелерінде кең ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік таңғы сағат 09:00-де басталып, оған аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге 13 ауылдық округ пен қала әкімдіктері, мемлекеттік мекемелер мен бөлімдер, белсенді түрде қатысты.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев сенбілік барысында:
– Мемлекет басшысының бастамасын орындау және аудан тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тазалық жұмыстары қарқынды түрде ұйымдастырылуда. Қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың азаматтық борышы. Тазалықты сақтау – бұл күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс. Туған жеріміздің тазалығы – өз қолымызда. Баршаңызды «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысуға шақырамын, – деп атап өтті.
Сенбілік барысында бейберекет тасталған күл-қоқыстар жиналып, шөптер шабылды, қураған ағаштардың бұтақтары кесілді. Бұл шара аудан аумағының экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауды дәріптеу. Таза орта ең алдымен адамның өзінен басталады. Өз ауласын таза ұстау, қоқысты кез келген жерге тастамау, табиғатқа ұқыпты қарау қарапайым әрекет болып көрінгенімен, оның қоғам үшін мәні зор.
#ТазаҚазақстан
