• 2 ноября, 2024 3:35 пп

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТУЫНДАУЫНА БІРГЕ ТОСҚАУЫЛ БОЛАЙЫҚ

Автор:admin

Окт 27, 2021

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет облыстық көліктік бақылау инспекциясының ұжымымен кездесті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — инспекция қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін сыртқы талдау жұмыстары барысын талқылау, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын-алу .

Сондай-ақ, кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнамаларға енгізілген соңғы жаңашылдықтар таныстырылып, сыбайлас жемқорлықтың зардаптары түсіндірілді.

Естеріңізге сала кетсек, Департаментпен а.ж. 14 қазаны — 24 қараша аралығында облыстық көліктік бақылау инспекциясы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізілуде.

Талдау жұмыстары төменде көрсетілген негізгі бағыттар бойынша жүзеге асады. Олар
көліктік бақылау бекеттері,
бақылау, қадағалау функцияларын іске асыру,
әкімшілік өндіріс,
жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелінің салалары мен рәсімдері,
кадр мәселесі,
мемлекеттік қызметтер көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс,
автомобиль көлігі,
темір жол мен су көлігіндегі рұқсат беру,
тасымалдаушыларды субсидиялау және берілетін субсидиялардың мөлшерін анықтайтын параметрлер,
тасымалдау тарифтерін есептеуді жүргізу тәртібі.

Егер де, Көліктік бақылау инспекциясының қызметіне қатысты Сіздің қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, +7 (708) 5266617 (WhatsApp) байланыс нөмірі арқылы жолдауыңызды сұраймыз.

Сіздердің ақпараттарыңыз біз үшін өте маңызды!

Автор: admin