• 27 ноября, 2025 3:03 пп

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ

Автор:admin

Ноя 26, 2025

Ордабасы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу мақсатында маңызды жиналыс өткізілді. Аудан әкімі аппаратының қатысуымен және Әдеп жөніндегі уәкіл Кадиев Жуманалының жетекшілігімен ауыл округ әкімдерімен кездесу ұйымдастырылды. Жиналыста мемлекеттік қызметшілерге іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемелеріне барудан тартыну, әріптестерге өз діни нанымын таңбау және қол астындағы қызметкерлерді діни бірлестіктерге қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымды қызметшілерге қылмыстық және әкімшілік жауаптылық мәселелері нақты көрсетіліп, сыбайлас жемқорлық фактілерінің неден туындайтыны және оған жол бермеудің қарапайым әрі тиімді әдістері туралы кеңінен мағлұмат берілді. Қатысушыларға мемлекеттік қызметтегі адалдық, ашықтық пен жауапкершіліктің маңыздылығы ескертіліп, өз қызметінде әділдік пен этика қағидаларын сақтау міндеті тағы бір мәрте түсіндірілді.

Сондай-ақ, жиналыста қатысушылар арасында тәжірибе алмасу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жолдарын талқылау мүмкіндігі туды. Әр әкім өз округіндегі проблемалық мәселелерді ортаға салып, алдын алу бойынша нақты ұсыныстар мен іс-шараларды ұсынды. Бұл шара мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен сенімділікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Мамандардың пікірінше, осындай түсіндіру жұмыстарын жүйелі өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттырып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде қоғамдағы сенімділікті нығайтып, әділ әрі таза қызмет ортасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin