• 27 июля, 2024 11:17 дп

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау

Автор:admin

Июн 8, 2024

«Бизнеске жол» жобасы аясында 1000-нан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында хабарлады. «Бизнеске жол» жобасы аясында қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысымен негізсіз есептелген салықтар кәсіпкерлерге қайтарылды. Кәсіпкерлердің сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін салықты заңсыз есептеуге қатысты өтініштері негізінде бизнес субъектісінің есепшоттарына 900 мың теңге қайтарылды. Сондай-ақ, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдерді төлеуден босатылған кәсіпкерлерге 109 мың теңге қайтарылды. Қаланың Антикор ұсынымын енгізгеннен кейін салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақша кәсіпкерлерге қайтарылды. Жыл басынан бері жоба аясында 1000-нан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалып, 28 кейс оң шешімін тауып, 8 лауазымды тұлға кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласқаны үшін түрлі жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлық — бұл адамның көздеген мақсатына оңай әрі тез жету үшін, «Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» жүріп, оңай жолды таңдау арқылы Қазақстан Республикасының бекітілген заңын бұзып, ақша ұсынуы және оны өз еркімен қабыл алуы. Сыбайлас жемқорлық сөзінің өзі сындыру, құрту, бүлдіру деген мағынаны білдіреді. Бұл бізге сыбайлас жемқорлық кез келген елді құртып, халықтың арасына іріткі салып, келешегіміздің бұлыңғыр болатынын түсіндіреді. Бұл тезистің мақсаты: сыбайлас жемқорлықты алдын алу. Тезистің міндеттері: көпшілікке парақорлыққа қарсы іс-қимылдарды насихаттау; ғаламдық мәселенің алдын алу және шешімін табу; қоғамға кедергі келтіретін, әлемдік дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресу. Жемқорлық «Коронавирус» іспеттес десек қате болмас еді. Коронавирус секілді әлемнің түкпір түкпірін жайлап алды да, қоғаммен өсіп, дамуда. Жемқорлықтың осылай белең алуы қазіргі таңдағы басты мәселеге айналды. Міне, осыдан «Бұл ауқымды мәселені шешу үшін қандай шаралар жасалып жатыр? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалай қалыптастырамыз?» — деген сан алуан сұрақтар туындайды. Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бар. Егер Қазақстан азаматы немесе азаматшасы пара беру барысында ұсталса, жоғарыда аталған заң бойынша ауыр жазаға тартылады. Алайда, бұған қарамастан қаншама адамдар жемқорлықтың өсуіне өз үлестерін қосуда. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлер, жоғары лауазымды адамдар. Қаншама қарапайым халық сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанайқайларын баспасөздерде жеткізген болатын. Бірақ өте өкініштісі сол адамдарға ақшаны өздері ұсынатындығында… Себебі, қазіргі таңда адамдардың түп санасында бұл заманды ақша билейді деген қағида қалыптасып кеткен. Бұл түсінікті алдын алу үшін ең алдымен әр жеке тұлға санасын, бұл мәселеге деген көзқарасын өзгертуі қажет.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin