• 19.09.2026 17:46

Сенбілікте бас қосқан мың жас: Шымкентте ауқымды экологиялық акция өтті

Автор:jsk.kz

Сен 19, 2026

 

Демалыс күнінің таңы Шымкентте ауқымды жастар жиынымен басталды. World Cleanup Day (Бүкіләлемдік тазалық күні) мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке мыңға жуық мектеп оқушысы, студенттер мен еріктілер «Астана» алаңына жиналды.
Бір алаңда Шымкенттегі барлық жоғары оқу орындарының өкілдері, қалалық жастар ұйымдары мен волонтёрлік бірлестіктер белсенділік танытты.

Сенбілік бастапқыда қатысушыларға қоршаған ортаға қамқорлық жасау біркүндік шаралармен шектелмеуі тиіс екендігі ескертілді.
Өз ауласында, көшесінде және қоғамдық орындарда тазалықты сақтау әдеті қаланың экологиялық мәдениетін қалыптастырады. Шымкенттің тазалығы мен көркейіп-гүлденуі тек коммуналдық қызметтердің жұмысына емес, сонымен бірге тұрғындардың қалаға деген жауапкершілігі мен жанашырлығына да тікелей байланысты.

Шараның ресми ашылуынан кейін қатысушылар топтарға бөлніп, Шымкенттің бес ауданына бағытталды. Оның ішінде 200-ге жуық адам дендропаркке аттанса, қалғандары көшелерді, аулаларды, гүлзарлар мен басқа да қоғамдық орындарды тазалауға кірісті.

«Бүгін біз мыңға жуық оқушыны, студент пен еріктілерді жинадық. Шара ашылғаннан кейін қатысушыларды топтарға бөліп, Шымкенттің бес ауданына жібереміз. 200-ге жуық адам дендропаркті тазалауға барады, қалғандары қаланың өзге де аумақтарында жұмыс істейді», — деп бөлісті Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастырушылары.

Ресми бөлім аяқталған соң, қатысушылар Шымкенттің бес ауданына тарап, бекітілген аумақтарды тазалауға кірісті. Негізгі жұмыстарды түске дейін аяқтау жоспарланған.

Автор: jsk.kz