• 21 мая, 2024 1:17 дп

САЯСИ РЕФОРМАЛАР БОЛАШАҚ ҰРПАҚ ҮШІН ӨТЕ МАҢЫЗДЫ — 90 ЖАСТАҒЫ АРДАГЕР ҰСТАЗ

Автор:admin

Мар 19, 2023

 

Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылының тұрғыны 90 жастағы ардагер ұстаз Фазыл Байметов ақсақал да бүгін өз таңдауын . №92 сайлау учаскесінде жасады.

«Мен өзім үшін емес, ұрпағым үшін дауыс бердім. Қиын-қыстау заманды бастан өткердік. Елдің баласына білім бердім. Қазір зейнеткермін. Елімізде саяси өзгерістердің негізі қаланды. Жаңа Қазақстанның іргесін құрып жатырмыз. Ендігі тілегім — ұрпағым қиындық көрмесе екен. Сайлаудың Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен қатар келуі қуанышты жағдай. Сайлауды да мереке деп айтуға болады. Өзінің жарқын келешегі үшін тұрғындар қуана дауыс беруі керек», — дейді қария.

Сауран ауданы бойынша 16 сайлау округі, 39 сайлау учаскесі, 49 529 сайлаушы бар. Әр тұрғынның сайлауға сенім білдіруі маңызды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin