2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ҚР СТ 1756-2026 «Сауда қызметтері. Жалпы талаптар» ұлттық стандарты қолданысқа енгізілді. Жаңа стандарт ҚР СТ 1756-2024 стандартының орнына қабылданып, сауда қызметтерін ұйымдастыруға және оның сапасын бағалауға қойылатын жалпы талаптарды жаңартады.
Стандартты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» әзірлеп енгізді.
Стандарт нені реттейді?
ҚР СТ 1756-2026 бөлшек және көтерме сауда қызметтерін ұйымдастырудың негізгі талаптарын белгілейді. Құжатта сауда объектілеріндегі тауарларды қабылдау, сақтау, сату алдындағы дайындау, орналастыру, сатып алушыға ұсыну, есеп айырысу және сатудан кейінгі қызмет көрсету тәртібіне қатысты жалпы талаптар қамтылған.
Стандарт бойынша сауда қызметінің сапасы бірнеше негізгі қағидатқа негізделеді:
Яғни, сауда объектісі тек тауар сататын орын емес, тұтынушыға сапалы әрі қолайлы қызмет көрсететін орта ретінде қарастырылады.
Сатып алушыға ақпарат беру және қолайлы жағдай жасау
Жаңа стандартта сатып алушыға қажетті әрі шынайы ақпараттың қолжетімді болуы ерекше назарға алынған. Сауда объектілерінде тауарлардың түржиыны, тұтынушылық қасиеттері, өндірушісі, көрсетілетін қызметтер, оларды көрсету шарттары, тауарларды сату тәртібі және тұтынушылардың құқықтары туралы ақпарат берілуі тиіс.
Сонымен қатар сауда залдарында тауарларды ыңғайлы орналастыру, кіреберіс пен шығаберістердің қолжетімділігі, жабдықтардың дұрыс орналасуы, жарықтандыру, ауа алмасу, температура, шу және санитариялық жағдай талаптары ескерілуі қажет.
Стандартта халықтың мобильділігі төмен топтары мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қызмет көрсету мәселесіне де көңіл бөлінген. Сауда объектілеріне мүмкіндігінше кедергісіз орта қалыптастыру ұсынылады.
Электрондық және қашықтан сауда да қамтылған
Қазіргі сауда формалары да стандарттың аясынан тыс қалмаған. Құжатта электрондық сауда, интернет-дүкендер, мобильді қосымшалар, қашықтан сауда жасау, тапсырыс бойынша тауар жеткізу және вендингтік автоматтар арқылы сату сияқты қызмет түрлері қарастырылған.
Сатып алынған тауарларды жеткізу кезінде тұтынушыға тиісті құжаттарды ұсыну көзделеді. Оның ішінде тауарлық және кассалық чек немесе тиісті есеп айырысу құжаттары, кепілдік талон және пайдалану жөніндегі нұсқаулық (бар болса) беріледі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ерекше талап
ҚР СТ 1756-2026-ның маңызды жаңалықтарының бірі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жеткізу тізбегіне қойылатын талаптардың нақтылануы.
Стандартта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көтерме жеткізушісі нақты шаруашылық қызмет атқарып, тауарларды сатып алу, сақтау, логистика және өткізу барысында қалыптасатын қосылған құнды нақты шығындармен негіздеуі тиіс екені белгіленген.
Бұл ретте тауардың тұтынушылық қасиеттерін өзгертпей, сақтау, тасымалдау, буып-түю немесе өзге де нақты операцияларды орындамай, тек қайта сатумен айналысатын өнімсіз делдалдардыәлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу тізбегіне қосуға жол берілмейді.
Стандарттың А қосымшасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сипаттамалары нақты көрсетілген. Олардың қатарында бірінші сұрыпты бидай ұны мен нан, макарон өнімдері, қарақұмық, күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, күнбағыс майы, сиыр еті, тауық еті, сүт, айран, сары май, жұмыртқа, тұз, сүзбе, көкөністер, алма, қой және жылқы еті, балық, қаймақ, ірімшік және қара шай бар.
Осы тауарлар бойынша олардың түрі, құрамы, майлылығы, сыртқы сипаттамасы, қапталуы және басқа да міндетті көрсеткіштері тиісті стандарттарға сәйкес белгіленген.
Сауда қызметінің сапасы қалай бағаланады?
Стандарт сауда қызметтерінің сапасын бағалаудың бірнеше әдісін ұсынады. Олардың қатарында:
Сонымен бірге тұтынушылардың қанағаттану деңгейін бағалау үшін SERVQUAL, Customer Satisfaction Index (CSI) және Net Promoter Score (NPS) модельдерін қолдануға болады.
Бұл тәсілдер сауда объектілерінің қызмет көрсету сапасын жүйелі түрде бағалап, тұтынушылардың пікірін ескеруге мүмкіндік береді.
Түркістан облысы үшін маңызы
Түркістан облысында сауда саласы өңір экономикасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты жаңа ұлттық стандарттың талаптарын сауда субъектілеріне түсіндіру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстардың маңызы зор.
ҚР СТ 1756-2026 сауда субъектілеріне қызмет көрсету үдерістерін жүйелеуге, тұтынушылар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға, тауарлар туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуге және сауда мәдениетін арттыруға бағытталған.
Түркістан облысының сауда саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа стандарт талаптарымен танысып, өз қызметін қолданыстағы заңнама мен стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес ұйымдастыру ұсынылады.
Түркістан облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдары өз құзыреті шегінде кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған шараларды жалғастырады.