• 3 декабря, 2024 5:44 пп

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН

Автор:admin

Ноя 26, 2024

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында өңірлерде инвестицияны арттыру қажеттІгін тапсырған болатын. Осыған орай Түркістан облысында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, жыл басынан бері Сарыағаш ауданында 47,8 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, жоспар артығымен орындалған. Бұл жайында аудан әкімі Арман Абдуллаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«2024 жылдың 10 айында өнеркәсіп саласында 23,6 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, жыл соңына дейін көрсеткішті 32,4 млрд теңге жеткізу жоспарланып отыр. Ал, өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 15,7 млрд теңгеге жетсе, жыл қорытындысымен 23,6 млрд теңгеге жеткіземіз деген жоспарымыз бар. Сондай-ақ, аудандағы ауылшаруашылық саласында 112,3 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, қалған 2 айда бұл саладағы өнім көлемін 137,5 млрд теңгеге жеткізу көзделген»- деді спикер.

Өңірдегі инфрақұрылым саласында да бірқатар оң шешімдер қабылданып, ауқымды жұмыстар атқарылған. Мәселен, аудандағы 4 елді мекеннің ауыз су құбырларына құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, жыл соңына дейін облыстық және республикалық бюджет тарапынан 11 елді мекенді аыз сумен қамту жұмыстары аяқталмақ. Ал, табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары атқарылып жатса, облыстық және республикалық бюджет арқылы тағы 10 елді мекенді табиғи газ жүйесіне қосуға жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Инфрақұрылым саласының тағы бір маңызды тармағы — тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету. Ауданда 2024 жылы жалпы ұзындығы 6,2 шақырымға 75 электр бағаналарын, 4 дана трансформатор орнату жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, 2024 жылы Тегісшіл, Ақжар, Жемісті және Қызылжар ауылдық округтерінің ішкі көшелеріне «Ауыл–Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көшелерге асфальт төселді. Аудандық бюджеттен 2024 жылы 32 көшеге орташа жөндеу жүргізілсе, 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары аяқталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin