• 13 октября, 2024 9:40 дп

САЙРАМ АУДАНЫНДА АДАЛДЫҚТАН АЙНЫМАУҒА ҮНДЕЙТІН МАҚСАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Автор:admin

Авг 5, 2021

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Сайрам ауданына сапары барысында ауданға қарасты дербес бөлім басшылары мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен жүздесіп, ел мүддесі жолындағы қызметтеріне адал болуға шақырды.

Жиын барысында сыбайластықтың салдары мен зардабы, бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер,
сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарға берілетін ақшалай сыйақы мөлшері баяндалды.

Өз кезегінде Ерұлан Тұңғышбаев аталған Әкімшілік Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген немесе оған теңестірілген тұлғалардың жауапкершілігі күшейтілгенін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған мемлекеттік орган басшылары айыппұл төлейтінін және қызметтен тыс қаржыландыру көзімен айналысқан мемлекеттік органдарға қомақты айыппұл салынатынын жеткізді.

Jsk ақпарат

Автор: admin