• 3 декабря, 2024 5:05 пп

Полиция мемлекетке 437 миллион теңге шығын келтірген адамдар тобын ұстады

Автор:admin

Ноя 28, 2024

 

Полицейлер Түркістан облысы Келес ауданы аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз жер қойнауын пайдаланумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері пайдалы қазбаларды (қиыршық тасты) өз бетінше сатқан 4 күдіктіні ұстады. Келтірілген залал 437 миллион теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары тінту кезінде күдіктілерден 1 экскаватор, 1 жүк тиегіш, 4 жүк көлігі және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркілеп алды.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin