ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛГЕН ЖИЫН ӨТТІ

Қоғам Құқық Саясат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының ұжымымен кездесті.
Мақсатты жиында қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында әділдік, сенім және парасаттылық құндылықтарына негізделген бетбұрыстардан хабардар етіп, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу арқылы азаматтардың бойына адалдық қасиеттерін дарыту жайы қозғалды.
Кездесуде спикерлер жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, заңнамаға енгізілген жаңашылдықтармен таныстырды.
Өз кезегінде парасаттылық идеологиясын қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы табыстың басты факторы екендігі айтылып, Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деп алдымен арды биік ұстағанын айтып, адал азамат, парасатты мемлекеттік қызметші ел дамуында аянбай тер төгетіндігін, қай жағдайда болмасын жемқорлыққа жол бермейтіндігін жеткізді.
Мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынғаны туралы ақпарат беріліп, жиынға қатысушыларды парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Жиын соңында арнайы әзірленген бейнеролик қатысушылардың назарына ұсынылып, бірқатар сауалдарға жауаптар берілді.

Jsk Ақпарат