• 24 июня, 2024 3:23 пп

НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНА ҚАТЫСТЫ САУАЛҒА ЖАУАП БЕРДІ

Автор:admin

Ноя 11, 2022

 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан ҚР президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев Казахская және Дүкенұлы көшелері қиылысында орналасқан елордалық жатақханада тұрғындармен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде түсіндірді. Сондай-ақ, қоғамды алаңдатқан сұрақтарға жауап берді.

Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты сауал да қойылды. Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, үкімет басқа мемлекеттер біздің есебімізден байып, адал емес бәсекелестікте зиян келтіруге тырысқан жағдайда қатаң ойын ережелерін орнатуға тиіс. Кандидат стратегиялық салаларда Қазақстан қалыпты протекционизмді ұстану қажет деп есептейді.

Кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмысымен Қарағанды, Ақтөбе және Ақмола облыстарында, Алматы мен Шымкент қалаларында болды.

Үміткердің сайлауалды бағдарламасын насихаттау, халыққа түсіндіру мақсатында республика бойынша 21 штаб жұмыс істеп тұр.

Автор: admin