• 19 июня, 2024 11:39 дп

Нұрлан Әуесбаевтың үгіт-насихат жұмысының барысы таныстырылды

Автор:admin

Ноя 10, 2022

ҚР президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды штабының жұмысы таныстырылды.
Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаевтың сенімді өкілі Талғат Омаров «Atameken Business» телеарнасына сұхбат берді.
Кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмысымен Қарағанды, Ақтөбе және Ақмола облыстарында, Алматы мен Шымкент қалаларында болды.
Үміткердің сайлауалды бағдарламасын насихаттау, халыққа түсіндіру мақсатында республика бойынша 21 штаб жұмыс істеп тұр.
Сондай-ақ кандидаттың сенімді өкілі үгіт-насихат кезінде әлеуметтік желілерді белсенді қолданып жатқанын тілге тиек етті.
Талғат Омаровтың айтуынша, халық тарапынан түрлі сала бойынша сұрақтар түсіп жатыр.
Еске сала кетсек, 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидат Нұрлан Әуесбаев «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан түсіп жатыр.

Автор: admin