• Пн. Сен 26th, 2022

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Автор:admin

Мар 20, 2022

 

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызының бастауымен «Ардагерлерді ардақтайық» және «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында қаладағы қазыналы қарттар мен аналарды құттықтады. Шараға аудандық филиал Атқарушы хатшылары, партия қызметкерлері мен Jas Otan жастар қанатының белсенділері қатысты.

Кездесу барысында ардагерлеріміз еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бойына, туған жерге, елге, халыққа деген сүйіспеншілікті арттыру, отбасы құндылықтарын сақтау, рухани дүниемізді жаңғырту бағытында өздерінің ақыл-кеңестерін айтып, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырудағы өз ұсыныстарымен бөлісті.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы – егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге, тыл еңбеккерлеріне, қарт адамдарға деген құрметті қалыптастыру мен нығайтуға негізделіп, осы уақытқа дейін нәтижелі жұмыс көрсетуде.

Сондай-ақ «Бақытты отбасы» жобасы — Қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттырып, отбасылық құндылықтарды насихаттау, аз қамтылған көпбалалы және тұрмысы төмен жанұялардың өмір сүру сапасын жақсартуға өз септігін тигізіп келеді.