• Пн. Сен 26th, 2022

МӘМС ЕСЕБІНЕН 32 БАЛАҒА ОТА ЖАСАЛДЫ

Автор:admin

Апр 7, 2022

Түркістан орталық қалалық ауруханасының Лор бөлімшесі құрамында бет жақ хирургия саласы бойынша туа пайда болған (жарық таңдай және жарық ерін патологиясы бар) науқастарға жоспарлы түрде көмек көрсетіледі.
Ауруханада Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығынан келген балалар хирургы Қанағат Қожамұратов науқас балаларға оталар жасады.
Нәтижесінде, Президент жариялаған «Балалар жылына» орай үш ай мен алты жас аралығындағы 32 балаға МӘМС есебінен уранопластика және хейлопластика оталары жасалды.
Мастер-класстың мақсаты — біліктілікті артыру, жас мамандар дайындау, науқастарға көмектесу. Статистика бойынша елімізде әр 600 балада атылмыш патология кездеседі. Осы ретте, нәрестелер арасында мүгедектік санын азайту және өмір сапасын арттыру көзделіп отыр.

Jsk ақпарат