• 24 июля, 2024 12:22 дп

МӘМС:Жоғары технологиялы медициналық көмекті қаржыландыру артты

Автор:admin

Ноя 15, 2023

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі бері қызмет көрсету сапасы артып, ауыл медицинасында айтарлықтай өзгерістер орын алып жатыр. Осы ретте, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Қыдырбаев Нұрлан Икрамұлымен сұхбаттасқан болатынбыз.

Түркістан облысының денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бойынша жыл басынан бері қандай жұмыстар жасалды?

Бүгінде елімізде жоспарлы медициналық көмек  толығымен МӘМС есебінен көрсетіледі. Оған – ағымдағы жылы халыққа көрсетілген медициналық көмек көлемі дәлел.  

Жалпы, 2023 жылы Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы бюджеті – 212,2 млрд теңге. Оныңішінде, 104,8 млрд теңгесі – кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне, 98,4 млрд теңгесі МӘМС пакетіне тиесілі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға артыққаржыландырылды (2022 жыл — 172,9млрд тг). Яғни, медицинаны қаржыландыру жыл сайын артып отыр.

Сонымен қатар, 2020 жылдан бері жоспарлы медициналық көмек қана емес, сақтандырылған тұрғындарға көрсетілетін шұғыл медициналық көмек те МӘМС арқылы қаржыландырыла бастады. Ал, сақтандырылмаған азаматтарға шұғыл көмек бұрынғыша мемлекеттік тапсырыс арқылы көрсетіледі. Мысалы, осы жылдың 9 айында сақтандырылған түркістандықтарға көрсетілген шұғыл көмекке 8,5 млрд теңге жұмсалған.  

Қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен МӘМС шеңберінде халыққа көрсетілген қызмет ақысын төлейтін қаржы операторы. Яғни, келісімшарт белгілі бір сомаға бекітіледі, клиника сол сомаға жыл бойы қызмет көрсетеді. Артық тұтынуды болдырмас үшін медицина ұйымдары көрсетілетін қызмет көлемін әр айға бөліп отыруы тиіс.  

Сонымен қатар, Қор көрсетілген қызметтердің сапасын тексереді және қызмет ақысы тиісті мониторингтен кейін ғана төленеді. Әдетте, мониторинг барысында стандарттар мен нормативтерден ауытқу сынды ақаулар анықталып жатады. Емдеу мекемелеріне айыппұл салынады, көрсетілген қызмет сомасы толығымен немесе оның белгілі бір бөлігі Қорға қайтарылады. Ал, көрсетілмеген қызметті көрсетілді деп қосып жазған (приписка) клиникаларғаүш есе айыппұл салынады. Мұны пациенттердің құқығын қорғап, қызмет сапасын арттыруға бағытталған шара деп қабылдаған жөн.

-Жалпы, тұрғындардың қандай медициналық қызметтерге сұранысы артты?

Қор филиалы Түркістан облысыныңтұрғындарына сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтерге 102,9 млрд теңге төледі. Шығынның басым бөлігі, яғни консультативтік-диагностикалық қызметтерге 33,1 млнтеңге, стационарлық медициналық көмекке 28,9 млн теңге, ауыл тұрғындарына стационарлық және стационарды алмастыратын көмектерге 25,5 млн теңге төленді. Оның ішінде, компьютерлік томография мен магнитті-резонанстық томографияға (КТ/МРТ) деген сұраныс жоғары күйінде қалып отыр. Жалпы сомасы 982 555теңгені құрайтын 75 мыңнан астам КТ жасалған. Тағы 86 мыңнан астам МРТқызметіне Қор филиалы 1,3 млн теңге бөлді.

Пациенттер тарапынан үлкен сұранысқа ие қызметтің бірі – медициналық оңалту, оған 6,1 млн теңге жұмсалды.

Жоғары технологиялы медициналық көмек жайлы білгіміз келеді…

Медицинада жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операциялар мен манипуляциялардың алатын орны ерекше.  Биылғы жылдың 9 айында Түркістан облысында осындай оталарға 5,7 млрд теңге жұмсалды.

Күн сайын медициналық сақтандыру есебінен кардиохирургия, нейрохирургия, урология, травматология, онкология, хирургия, т.б. профильдер бойынша жүздеген операциялар жасалып жатыр. Осындай бір ғана отаның құны орташа алғанда бірнеше миллионды құрайды. Мысалы, 2023 жылдың 9 айында Түркістан облысында 1476кардиохирургиялық операцияжасалып, оған 1,8 млрд теңге төленген. Сонымен қатар, 1,3 млрд теңгеге 612нейрохирургиялық ота жасалған.  Сонымен қатар 2 бүйрек алмастырылды, оның жалпы құны 9,7 млрд теңгені құрады.

Аталмыш оталар облыстық клиникалық ауруханасында, облыстық балалар ауруханасында, Түркістан қалалық ауруханасында, «Талғат» клиникасында, «Кардио-Түркістан» медициналық орталығында жасалды.

Жалпы, бұл шаралар МӘМС жүйесінің есебінен жасалып жатыр. Яғни, сақтандырылған азаматтардың қалтасынан шығатын шығын едәуір қысқарып, осынша қызметті ақысызпайдалануға мүмкіндік алды.

-Пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қамтамасыз ету жағы қалай болып жатыр?

-Биылғы жылы пациенттерді тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырупакеттері шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтуға 16,6 млрд теңге бөлінген болатын. Бірінші жартыжылдықта 10,6 млрд астам рецепт бойынша тегін дәрі берілген. Дәрі-дәрмек 59 түрлі дерт бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастарға берілген. Ескеретіні, МӘМСпакеті шеңберінде ересектерге 34нозология, балаларға 48 нозология бойынша тегін дәрі беріледі.

Жалпы, облыста тұрғындарды МӘМС жүйесіне қамту шаралары жөнінде не айтасыз?

2023 жылдың 9 айында Түркістан облысы бойынша медициналық ұйымдарға тіркелген тұрғындар саны 2 045 100 адамды құраса, оның ішінде, сақтандырылмаған 365 994 адамды құрап отыр, егер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ облыста «сақтандырылмаған» 368 988 тұрғын болған, яғни сақтандырылмаған тұрғындар саны 2994 азайды.

Тұрғындарды МӘМС жүйесіне қамтуға байланысты аудан, қалаларда жұмысшы топ құрылған. Жұмысшы топқа аудан, қала әкімдері төрағалық етеді. Нысаналық топтарға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді  медициналық ұйымдармен бірлесіп жүргізеді.

-Қор пациенттің құқығын қорғау бойынша обудсмен екенің білеміз. Яғни, тұрғындардың медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметіне қанағаттанбауын назарға аласыздар ма?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бірінші кезекте әрбір пациенттің проблемаларын шешуге мүдделі екенін айта кету қажет. Шағым түскен кезде Қор сарапшылары шұғыл түрде әрекет етіп, жағдайды сол жерде шешеді.

Қор филиалы қызметінің басты бағыттарының бірі — халықпен кері байланыс жасау және пациенттердің құқықтарын қорғау.

Сәйкесінше күн сайын азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпараттануыартып келеді. Адамдар өз құқықтарын зерделеп, қызығушылық таныта бастады және олар өз жағдайларын түсініп, келеңсіздіктерді шешуге көмектесуді сұрайды. Бүгінгі таңда өтініштер көбейді. Сол себепті азаматтарға кеңес беру қызметін 1414 бірыңғай байланыс орталығына беру туралы шешім қабылданды. Ол жерде операторлардың штаты кеңірек, сонымен қатар қоңырауларды қабылдау үшін техникалық мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл абоненттердің жауап күту уақытын бірнеше минуттан бір минутқа дейін қысқартады. Сондай-ақ бұл халықтың қоңырау шалу мүмкіндігін арттырады және «жоғалған» қоңыраулар үлесін азайтудың тиімді жолы. 1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады.

Қор филиалына ағымдағы жылдың 9 айында 9 554 өтініш түсті. Оның ішінде, арыз-шағым – 932, алғыс айту 1370, консультация – 6943, ұсыныс – 2, уақытша статус беру – 307.

Егер пациентте сұрақтар туындаса, өзі тіркелген емханасындағы пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуіне болады. Не болмаса  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына fms.kz ресми сайты, 1414 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegramдағы SaqtandyryBot арқылы хабарласуына болады.

Сонымен қатар, egov.kz электрондық үкіметінің сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінен медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ке аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.  

-Уақыт бөліп, сұхбат құрғаныңызға рахмет!

Автор: admin