• 21.09.2026 18:34

Меншікті қорғау – әр азаматтың міндеті

Автор:jsk.kz

Сен 21, 2026

Меншікке құрметпен қарау және оны қорғау – құқықтық мемлекеттің маңызды қағидаттарының бірі. Азаматтардың жеке мүлкі заңмен қорғалады, ал оны заңсыз иемдену немесе бүлдіру құқық бұзушылық болып саналады.
Өз мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй мен көлікті сенімді құлыптап, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау, бейнебақылау және күзет жүйелерін пайдалану ұсынылады. Күмәнді адамдар мен жағдайларды байқасаңыз, құқық қорғау органдарына дереу хабарлаған жөн.
Меншікті қорғау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Заң талаптарын сақтау арқылы қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті нығайтуға үлес қоса аламыз.

#МеншіктіҚорғау #ЗаңМенТәртіп
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДО
#БілгенАбзал

Автор: jsk.kz