• 14.08.2026 14:13

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

Автор:jsk.kz

Авг 14, 2026

Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру жәнехалыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметітуралы» жаңа заңда бірқатар маңызды өзгерістеркөзделген. Жаңа нормалар мемлекеттік қызметтізаманауи талаптарға бейімдеп, оның ашықтығымен кәсібилігін арттыруға бағытталған.

Заңдағы негізгі бағыттардың бірімемлекеттік қызметтің халыққа бағдарланғанмоделін қалыптастыру. Азаматтардыңөтініштерін қарауда формализмге жол бермеу, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, цифрлық сервистерді дамыту және бюрократиялықкедергілерді азайтуға ерекше мән берілген.

Сонымен қатар жастарды мемлекеттікқызметке тартуға басымдық беріліп отыр. Мемлекеттік қызметке даярлау институты енгізіліп, жастарды мектеп қабырғасынан бастап кәсібибағдарлау және мемлекеттік қызметкеқызығушылығын арттыру көзделген. Түркістаноблысында да бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп, жоғары оқу орындарымен бірлесіп «Жасмемлекеттік қызметші» мектебі ұйымдастырылған.

Мемлекеттік қызметке іріктеу процесі де толықтай цифрлық форматқа көшіріледі. Конкурстар «е-Qyzmet» жүйесі арқылы өткізіліп, конкурс мерзімі 5–7 жұмыс күніне дейінқысқартылады. Іріктеу барысында заңнаманы білутесті, жеке қасиеттерді бағалау және лауазымерекшелігіне қарай эссе, онлайн сұхбат немесепрактикалық тапсырмалар қарастырылған.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуынада жаңа мүмкіндіктер беріледі. Бір лауазымшеңберінде көлденеңінен өсу тетігі енгізіліп, қызметшінің біліктілігін арттыруы мен кәсібидамуы жалақы деңгейіне әсер ететін болады. Сонымен қатар оқыту, тағылымдама және өзін-өзідамыту нәтижелері мансаптық өсу кезіндеескеріледі.

Заңда мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтіккепілдіктерін күшейтуге де назар аударылған. Жалақыны индекстеу, қосымша ақылы демалыскүндерін беру, үстеме жұмыс үшін өтемақы төлеу, қызмет бабымен басқа өңірге ауысқан жағдайдабірқатар төлемдер қарастырылған.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің әдепнормаларын сақтауына қойылатын талаптаркүшейтіліп, «мінсіз бедел» институты енгізілді. Бұл мемлекеттік қызметтің беделін арттырып, қоғамның мемлекеттік қызметшілерге дегенсенімін нығайтуға бағытталған.

Жалпы, жаңа заң мемлекеттік қызметті халыққажақын, ашық, цифрландырылған және кәсібижүйеге айналдыруға бағытталған. Енгізіліпотырған өзгерістер мемлекеттік аппараттыңтиімділігін арттырып қана қоймай, мемлекеттікқызметшілер үшін кәсіби дамуға және әлеуметтіктұрғыдан қолайлы жағдай қалыптастыруғамүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Түркістан облысы бойынша департаменті

Автор: jsk.kz