• 3 декабря, 2024 2:44 пп

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША ОҚЫТУЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Фев 14, 2022

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2022 жылдың 7-11 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету функциялары бекітілген қызметшілерге арналаған арнайы бағдарламалар бойынша оқытулар ұйымдастырылды.
Оқыту бағдарламасы сервисология, әлеуметтану саласындағы ғылыми білімді, сондай-ақ күйзеліске төзімділік, клиентке бағдарлану, заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану практикалық дағдыларын қамтып, 40 академиялық сағатты құрады.
Осылайша, оқыту барысында «Адамдарға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тұтынушыға бағдарлау және ақпарат беру», «Халықпен өзара іс-қимылда мемлекеттік қызметшілердің күйзеліске төзімділігін артыру практикасы», «Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландырудағы тиімді коммуникациялар», «Мемлекеттік қызмет көрсетудегі бизнес-процестерді оңтайландыру түрлері мен әдістері», «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингтеу және бағалау», «Коучинг қызметкерлерді кәсіби дамытудың жаңа технологиясы ретінде», «Мемлекеттік қызмет көрсетудегі оңтайландыру: сапа және тиімділік көрсеткіштері», «Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландырудағы мемлекеттік қызметшінің этикасы», «Мемлекеттік қызмет көрсетудегі жаңа сервистер — цифрлық трансформациялаудың прогрессивті шешімдері ретінде», «Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету», «Ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау», «Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі парасаттылық қағидалары — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарты ретінде» тақырыптары қамтылды.
Сонымен қатар, оқыту бағдарламасы қызметшілерге шешімдер қабылдау, қызметті басқару, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік берді.
Нәтижесінде, 11 орталық мемлекеттік және 4 жергілікті атқарушы мекеменің тыңдаушылары бекітілген үлгідегі сертификаттарға ие болды.
Қызметкерлерді оқытуға ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асару және ілгерілету кабинетінің доценті, саяси ғылымдар кандидаты Рысбаева С.Ж., ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асару және ілгерілету кабинетінің аға оқытушысы, магистр Cариева Ж.А., ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Каипназарова К.Т., Шымкент қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы Байменова ЖК., «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкент қалалық филиалының HR дамыту басқармасының басшысы Медетбекова Ш.А., ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Наушабай Ж.Н. тартылды.
Бұған қоса, алдағы уақытта аталған іс-шараны жалғастыру жоспарлануда.

Jsk ақпарат

Автор: admin