• 13 октября, 2024 9:39 дп

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетілімдігі бойынша онлайн жәрмеңке

Автор:admin

Дек 3, 2021

Сәләматсыздерма құрметті әріптестер және қатысушылар!

Мен есімім Нурбеков Ержан Серікұлы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті басшысымын.

Алдын ала Департаменттің жұмысымен қысқаша таныстыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» заңының 6-бабы 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган:

1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк-құқықтық актілері талаптарының сақталуын;

2) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;

3) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін;

4) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады.

Сонымен, біздің департамент 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Аталған мемлекеттік қызметті жыл сайын күз мезгілінде көрсетіледі. Аталған мемлекеттік қызметтін атауы Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты.

Әзірлік паспортын мемлекеттік қызметін 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

JSK ақпарат

Автор: admin