• Пн. Окт 3rd, 2022

Мемлекеттік бағдарламалар — Тәуелсіз Қазақстанның даму перспективасы!

Автор:admin

Май 25, 2022

Мемлекеттік бағдарламалар елдің дамуына түсіретін даңғыл жол іспеттес. Сол даңғыл жолда үлкенді-кішілі қадамдар жасалады. Соның бірі мемлекеттік бағдарламалардың тиістілі деңгейде орындалуы. Бағдарламалардың жүзеге асуы қандай да бір мемлекетті дамытуға бағыталады. Сол секілді Қазақстан өзіне тиісілі бағдарламаларды оларды жүзеге асыруға орындауға ұмтылатын дамушы мемлекеттердің бірегейі. Мемлекетіміздің басты байлығы адам. Ал адамның қолынан келетін істің барлығы мемелкеттік бағдарламалардан көрініс тапқан. Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағ­дар­­ламасында әлеуметтік өркендеудің жаңа ме­жесі ретінде 2050 жылға дейінгі уа­қыт ара­лығын қамтуы бекерден-бекер емес.  Тәуелсіз Қазақстанның даму перспективаларына орай стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған әлеуметтік дамудағы маңызды серпіліс –деп айтуға болады .Қазақ елі өзінің барлық мүмкіндіктерін әлемге көрсете білген ел. Дәл сол себептенде халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСП0-2017 Халықаралық көрме­сін өткізу орны ретінде таңдады. Біздің еліміз ТМД кеңістігінде ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық іс-шара ЭКСПО-2017 көрмесін өт­кізетін алғашқы ел. Тәуелсіз Қазақстан алдыменен экономика, содан соң, саясат деген айқын принциппен дамып өркендеп келе жатыр. Қазақстанда саяси реформалардың әрбір кезеңі экономика дамуының деңгейіменен ұштасады, сондықтанда, елімізде демократияландыру мен ырықтандыру процесі оңтайлы ұштастырылуда. Либералдық-демократиялық даму динамикасында өзіндік ерекшеліктерге ие. Қоғам әрбір қадам басқан сайын демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеді. Өрке­ниет­ті елдердің даму үлгісінде мұндай ұзақ мер­зімді даму бағдарламасын қабылдау бар. Дәл осын­дай бағдарламаны ғаламдық саяси инс­ти­тут БҰҰ қабылдаған. «2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының әлемдік даму тенденциясы» – деп аталады. Сондай-ақ, «Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы 2050 жылға дейінгі даму бағ­дарламасын» жариялаған. Қазақстан Республикасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді межелеп отыр. Бұл ғылыми негізделген қаржылық және кадрлық ресурстармен тия­нақталған қол жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар мақсаттар. Стратегиялық бағдарламаны жү­зеге асыруда әрбір қазақстандық азаматтың еншілес үлесі бар.

Jsk Ақпарат