• Пт. Дек 3rd, 2021

МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОЛДАУ ТАПҚАН КӘСІПКЕР ӘЙЕЛ

Автор:admin

Май 27, 2021

Шымкент қаласының тұрғыны Рысқұлова Гүлжазира Асанқызы мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдаланып, былтырғы жылдың шілде айында 21 күндік «Бизнес бастау» оқу күрсын аяқтап, сертификат алған соң, «Жиһаз жасау ісі» бойынша комиссияға өз жобасын ұсынды. Нәтижесінде, жобасы мақұлданып 200 АЕК (555 650 тг )көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды. Бөлінген қаражатқа керекті құрал-жабдықтарын алып, қазіргі таңда тапсырысқа түрлі үлгіде жиһаздар жасап, ісін дөңгелетіп отыр.
Төрт баланың анасы бұл жетістігімен шектелмей, алдағы уақытта жиһаз шеберханасын дамыту жоспарлары да бар.
Жалпы, былтырғы жылы бағдарлама шеңберінде 4828 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Ал, «Бастау бизнес» жобасына 2820 адам жолданып, оқытылды.
Ал, биылғы жылдың өзінде 600 адам грантқа ие болса,1900 азаматқа «Бизнес бастау» оқу курсына жолдама берілді.

Мекен-жайы: Абай ауданы, Солтүстік-Батыс шағын-ауданы, С.Юсупов көшесі,324 уч.