МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОЛДАУ ТАПҚАН КӘСІПКЕР ӘЙЕЛ

Қоғам Құқық Саясат

Қала тұрғыны Рахат Мамбекова былтырғы жылы мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдаланып, 21 күндік «Бастау бизнес» жобасы аясында оқу курсын аяқтап, сертификатқа ие болды.
«Тігін ісі» бойынша комиссияға өз жобасын ұсынған бағдарлама қатысушысы комиссияның оң шешімін алып, нәтижесінде 200АЕК (555 650 тг) көлемінде грантқа қол жеткізді . Мемлекет берген қаражатқа керекті құрал жабдықтарын алып, қазіргі таңда 3 баланың анасы қазақи нақыштығы түрлі кимешек, комзол тігіп сатылымға шығарып отыр.
Жалпы, былтырғы жылы бағдарлама шеңберінде 4828 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Ал, «Бастау бизнес» жобасына 2820 адам жолданып, оқытылды.
Ал, биылғы жылдың өзінде 600 адам грантқа ие болса,1900 азаматқа «Бизнес бастау» оқу курсына жолдама берілді.