• 24 июня, 2024 4:51 пп

МАҚТААРАЛДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ӨТІП ЖАТЫР

Автор:admin

Мар 19, 2023

 

ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы — Мақтаарал ауданында мерекелік көңіл күймен өрнектеліп жатыр.

Сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарламалар қойылып, спорттық жарыстар ұйымдастырылып жатыр. Іс-шаралар барысында патриоттық тақырыпта әндер айтылып, ұлттық билеріміз дәріптеліп, түрлі ойындар ойнатылып жатыр.

Сондай-ақ, футбол, волейбол, баскетбол т.б. спорттың түрлерінен жарыстар өтуде. Сайлаудың мерекелік деңгейде өтуіне өнерпаздар мен спортшылардан бөлек, ақ жаулықты әжелер, көпбалалы аналар мен жас келіндер де атсалысуда. Аталған топтар ұлттық нақыштағы киімдер киіп, шашу шашып, түрлі дәмді тағамдарды сайлаушыларға ұсынуда.

Айта кетейік, ауданда 62 сайлау учаскесінде 70 мыңнан аса сайлаушыларды күтіп алуға барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin