• 13 октября, 2024 10:06 дп

ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ ЖАУАКЕРШІЛІГІ ҚАРАЛДЫ

Автор:admin

Янв 28, 2022

Бүгін ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Департаментінде Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне азамат С.Мажитовтың жазған арызы негізінде қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Демеуғали Бақовқа қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралды. 

Арызданушы лауазымды тұлғаның өзіне қатысты Әдеп кодексінің талаптарын бұза отырып, күш қолданып жеңіл дәрежеде денсаулығына зиян келтіргенін айтқан. Аталған мәселе сотта қаралып, басшы орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Ал бүгінгі отырыста, кеңес мүшелерінің шешімімен Д.Бақовты қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныс берілді. Шешім қала әкіміне жолданатын болады.

Jsk ақпарат

Автор: admin