• 27 июля, 2024 10:50 дп

КӘСІПОРЫН ҰЖЫМЫНА ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Автор:admin

Окт 21, 2022

Бүгін, Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты «Шымкент Механикалық Зауыты» ЖШС ұжымының қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиында мемлекет басшысының Жолдау баққыттары туралы түсіндірілді. «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Н.Анарбеков, және кәсіпорын жұмысшылары қатысты.

«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы Жолдаудағы басым бағыттарды, мемлекеттік басқару саласы, жаңа экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа өзгерістерді атап берді. Сонымен қатар ендігі ретте қайта өңдеу өндірісі, адами капиталды дамыту, саналы ұрпақ тәрбиелеуге назар аудару қажеттігін айтып, өз ойларымен бөлісті.

-Қазір нарық заманы. Әр адам өзін дамытып, бәсекеге қабілетті болса ғана, жетістікке жетеді. Бүгінде кәсіппен айналысуға, өз кәсібіңді дөңгелетіп табыс табуға барлық мүмкіндік бар. Президент Жолдауының өн бойы экономикалық мәселелерге арналған. Халықтың әл-ауқатын көтеру, барынша халыққа жағдай жасау көзделіп отыр. Ұлт қуатты болса, ұлт сапасын жақсарта алсақ, қоғам орнықты дамиды, – деді Н.Анарбеков

#AMANAT
#Тоқаевпенбіргеміз

Автор: admin