Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Жоғары медицина колледжінің оқытушы құрамы мен комплаенс-офицермен кездесу өтті.
Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Қамбар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен заңнамалық өзгерістермен таныстырды.
Сонымен қатар, ол саналы ұрпақты тәрбиелеудегі оқытушылардың рөліне тоқталып, кез-келген жағдайда адамгершілік, әділдік құндылықтарынан бас тартпауға, жемқорлықпен күресті әр азамат өзінен, отбасынан бастау қажеттігін айтты.
Колледжде жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар мен комплаенс-қызметінің жұмысы талқыланып, адал қоғамды қалыптастыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда хабарласуға мүмкіндік беретін Агенттіктің 1424 Call-орталығының қызметі хабарланды.
Jsk ақпарат